__р.Диван ж_не т_сек.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 26.12.2014ж. Тобы: «Гүлдер»
Тақырыбы: «Диван және төсек»

Білім беру салалары: Таным

Бөлімдері: Құрастыру

Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарын дұрыс жұмыс жасай білуге,олардың түсін,пішінін,көлемін ажырата алуға дағдыландыру,тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңестікте дұрыс орналастыра отырып диванды және төсекті құрастыра білуге үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: диван, төсек, төсек жапқыш.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауаптар.

Қажетті көрнекі құралдар: құрылыс материалдары, үлгі суреттер.

Костілділік компонент: диван и кровать.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті   

 

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

 

 

Тәрбиеші балаларға құрылыс материалдарын көрсетіп, оның көлемін, пішінін түстерін сұрайды. Үлгіні көрсетіп, диван және төсектің айырмашылықтары туралы әңгімелейді.

 

 

 

Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді, түр-түстерін ажыратып айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

 

Диванды құрастыру үшін екі қызыл текше, екі көк кірпіш керек, бір кірпішті артқы бөлігіне тігінен қою керек, екінші кірпішті жалпағынан орналастыру қажет екенін түсіндіреді. Екі текшені екі жанына қояды.

Төсекті жасау үшін үш көк кірпішті қатарластырып қойып алып оның екі шетіне сары түсті екі кірпішті орналастырады.

«Қуыршақты ұйықтатамыз»ойыны: Дайын болған диванға мысықты жатқызып, төсекке қуыршақты ұйықтатып «Әлди-әлди» әнін айтқызады. Балалар жұмыстарына бақылау мен басшылық жасалады.

 

 

 

Балалар төсекті жасауға бөлек, диванды жсауға бөлек кірпіштерді тағдап алуды; Тәрбиешінің көрсетіп түсіндіру бойынша балалар төсекті және диванды құрастырады.

Қуыршақты ұйықтатып ойнайды.

Іс-әрекеттің бағалау

кезеңі.

Тәрбиеші әрбір баланың жасаған диванын және төсегін қарап шығады, дұрыс орналасқанына мән беріп мадақтап, қорытындылайды.

Балалар өздері жасаған дивандары мен төсектерін бір-біріне көрсетіп, онымен ойнайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: диванды, төсекті құрылыс материалдарынан құрастыруды және түсін, көлемін, пішінін ажыратуды;

Қандай түсініктерді игерді: «кірпішті жанына тігінен қою», «екі жанына қою» деген ұғымдарды және оны іс-әрекет батрысында көрсете алуды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: құрылыс материалдарымен құмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды.

Тәрбиеші: Машканова.Б.А.

 

 

Write a Reply or Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *